Түркістан
EN

Өзбекстанда тамақтан уланған балалардың жағдайы қалай

5
04.11.2026

Өзбекстанда тамақтан уланып, ем қабылдап жатқан қазақстандық балалардың жағдайы жақсарып келеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтуынша, министрлік осы жағдай болған сәттен бастап еліміздің Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжановпен тұрақты байланыста. Ведомство әр баланың денсаулық жағдайын онлайн режимде бақылап отыр. Еске салайық, Ташкентте Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысып жатқан қазақстандық 15 жас футболшы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған. Қазіргі уақытта оларды елге қайтару мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Дегенмен мұндай қажеттілік туындаса, сала министрлігі оларды тасымалдауды ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.