Жұмыстан кейін базар аралап үлгермей жүрсіз бе? Енді асығудың қажеті жоқ. Түркістанда сауда қатарлары бүгіннен бастап түнгі уақытта да тұтынушы күтеді. Түнгі базардың қандай артықшылықтары бар және ол кімдер үшін тиімді? Шынар Әділханқызы біліп келді.
Русланның сауда саласында жүргеніне 20 жылға жуықтаған. Бүгінде ерлерге арналған киім сатумен айналысады. Кәсіпкер онлайн сауда кең таралмай тұрған кезде базарға келушілер көп, сауда қызу болған еді дейді. Ал қазір жұрт түрлі платформалар арқылы тауар сатып алуды әдетке айналдырып, кіріс азайған.