Түркістан
EN

Бау бақша өнімін шетелге экспорттауда

5
04.11.2026

Ордабасы ауданында су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы кеңейіп келеді. Қазіргі таңда өңірде 6 мың гектар суармалы алқапқа тамшылатып және жаңбырлатып суғару әдісі енгізілген. Бұл тәсіл әсіресе бау-бақша шаруашылығымен айналысатын диқандар үшін аса тиімді болып отыр. Заманауи технологияның көмегімен мол өнім алып, жемісті шетелге экспорттап отырған шаруалардың тыныс-тіршілігін тілшіміз көріп қайтты. 

Ордабасы ауданында бау-бақша шаруашылығын кәсіп еткен агроқұрылымдардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі — 2020 жылы құрылған осы өндірістік кооператив. Шаруашылық 60 гектар алқапқа тамшылатып суғару жүйесін орнатып, алма, шабдалы, өрік пен қара өрік көшеттерін еккен. Бүгінде қарқынды баудан мол өнім жиналып, еліміздің барлық өңірлеріне және жақын шетелге экспортталуд