Түркістан облысында суға кеткен үндістандық студенттер әлі табылмады

491
28.06.2022 05:01

Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті. Қайғылы оқиға Төлеби ауданындағы Ханарық ауылынан 5 шақырым жердегі Ақсу шатқалында болған. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғатта серуендеп жүргенде 21 жастағы екі азамат Ақсу өзеніне түсіп кетеді. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені анықталып отыр. Куәгерлердің айтуынша, олар шомылу үшін суға түскен сәтте ұйық тартып кеткен. Жанындағылар көмекке құтқару қызметін шақыртқан. Қазір екі студенттің денесін іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. 

ЕРІК САРЫБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

- Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техника. Ал полиция департаментінен 10 қызметкер, 5 бірлік техника жұмылдырып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Іздестіру жұмыстарының нәтижелі болуына коньондағы шатқалдар және тік құздардың болуы қиындықтар туындатуда. Алайда іздестіру жұмыстары жалғасуда.