Түркістандық мемлекеттік қызметшілер өз әріптестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ерекшелігі сол концерттік бағдарламаны өнерпаздар емес, мемлекеттік қызметшілер дайындады. Басқарма басшылары мен мамандар түрлі өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар кеште қазақ эстрадасының танымал әндері орындалып, ақындардың жыр-шумақтары оқылды.
«Ақжайық» музыка мектебінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай рухани кеш өтті. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі. «Мемлекеттік қызметкер болу-мәртебелі міндет» деген ол шаһарды дамытуға үлес қосып жүрген әріптестерінің еңбегін жоғары бағалады.
АРМАН ЖЕТПІСБАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік белесін іскерлік қабілетін көрсетеді. Халыққа қызмет ету - құрметті мамандық. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған отаны мен халыққа адал қызмет етумен бағаланады
Сонымен қатар аталмыш кеште екі бірдей азаматқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі тапсырылса, бірнеше мемлекеттік қызметшіге облыс әкімінің Грамотасы мен алғыс хаттары табысталды. Сонымен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Өркен Балажановта қызметкерлерді департамент алғыс хаттарымен марапаттады. Еңбегі еленген мемлекеттік қызметшілер де әріптестерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
АСҚАР СЕЙІТҚАЗИН, ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Мынау біріншіден мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Осындай әдемі күнде біз де марапат алдық. Бәріңізге осындай жұғысты болсын. Жұмысымыз алға басып, қызметіміз алға баса берсін.
Сонымен бірге рухани кеште «Мемлекеттік қызметкер-бала көзімен» атты эсселер де көрермен назарына жол тартты. Шара соңында ең үздік өнер көрсеткен басқарма қызметкерлеріне арнайы сый-сыяпат көрсетілді.
️