Мектепке суық қару алып келуге қатаң тыйым салынды

1068
04.06.2021 10:59

Мектепке суық  қару немесе соған ұқсас заттарды алып келуге қатаң тыйым салынды. Бүгін  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай бұйырыққа қол қойды. Бұл тізімге суық қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді. Жаңа норма оқушылардың қауіпсізігі мен оларға  жайлы орта қалыптастыруға арналған. Тізімде аталған заттарды білім беру мекемесіне әкелгені үшін шәкірттердің ата-анасы жауап береді.  Бұдан өзге,  оқушыларға  сабақ кезінде смартфон, планшет, плейер пайдалануға да рұқсат жоқ. Алайда, бұл шектеудің ерекше қажеттілігі  бар балаларға қатысы жоқ