Ордабасылық шаруа лимон өсірудің қыр-сырын меңгерген

606
25.06.2022 09:57

Егін ексең-ебін тап. Ордабасы ауданында, лимон өсіріп пайдаға кенеліп отырған кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. 

Айдар Сайдазимов ауылшаруашылығы мамандығының 3 курс студенті. Жазғы демалысының көбін осы жылыжайда өткізеді. Өйткені қазақстандықтарға бейтаныс лимонды өсіру оңай шаруа емес. Ерекше күтім қажет. Ол бұл шаруаны алғаш Өзбекстан Республикасында қолға алған екен. Онда лимон ағашының санын 300 ден асырған. Қазірде Түркістан облысындағы ең ірі лимон жылыжайының ісін дөңгелетіп отыр. 

АЙДАР САЙДАЗИМОВ, «ЕЛНҰР-АЙДАР» АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӨКІЛІ:

- Үшінші жылдан бастап өнім ала бастадық. Қазіргі таңда тамшылатып суғару және жаңбырлатып суару  арқылы лимон ағашын жерсіндіріліп, орналастырдық. Шаруашылық негізі тек қана лимоннан ғана тұрмайды. Сонымен қоса 3 гектар алма, 6мың түп жәнеде бір гектар анар, мың түп ағашынан құралған.

Лимонның жерсінуі қиын болғанымен, бейімделуі оңай. Жерге үйреніскен соң, кемдегенде 80 жылға дейін жеміс береді.  Шаруа қожалығы 2019 жылы - 5, 2020 жылы – 15, 2021 жылы 20 тонна өнім алыпты. Бағасы да көңілге қонымды дейді олар. 

АЙДАР САЙДАЗИМОВ, «ЕЛНҰР-АЙДАР» АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӨКІЛІ:

- Лимон ағашы бір жылда екі рет гүлдейді. Бірінші гүлі апрель айында, екінші гүлі осы маусым айында гүлдеп бастайды. Бірінші гүлінде гүл ұстайды. Егер ұстай алмай қалатын болмаса, екінші гүлі арқылы өнімділікті арттырады. Лимонның өнәм беруі  төртінші жылдан бастап, 100 килограммға шығады.

Шаруаның тиімді екенін білген агрономдар лимоннан бөлек лайм жемісін де өсіреді. Сондай-ақ осы кәсіпті меңгергісі келетіндер де көбейген. Олар үшін кәсіпкер қаламшадан өніп шығатын лимон көшеттерін әзірлеуді де қолға алыпты.