ЮНИСЕФ Қазақстан деректері бойынша балалардың 66% - ы мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады. Аталған жағдайлардың алдын алудың бірден-бір жолы-білім мекемелерінің қауіпсіздік жүйесін жетілдіру. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы №23 IT мектеп базасында арнайы жиын өтті. Онда соңғы үлгідегі бейнабақылау жүйелері, интерактивті тақта, оқу процесінің электрондық сабақ кестесінің бағдарламасы сынды заманауи технологиялар таныстырылды. Сондай-ақ, оларға қол жеткізудің жолдары да егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Мәселен, мына өткізу құрылғысы білім беру мекемесіне кіретін адамның бет-әлпетін таниды. Сондай-ақ осы функция бойынша іздеудегі адамдарды анықтап, қауіпсіздік қызметіне хабарлай алады. Білім мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі, сондай-ақ оқу процесін цифрландыруға қажетті заманауи технологиялармен танысқан ұстаздар құрылғыларды қолданысқа енгіземіз деп отыр.
️