Келестік студенттер "avtopicnik" көлігін құрастырды

642
25.06.2022 09:09

Түркістан облысы КЕЛЕС ауданындағы колледж оқытушылары мен студенттері  «AVTOPICNIK» АТТЫ КӨЛІК ҚҰРАП ШЫҚТЫ. Темір тұлпар оңтүстік кореялық GM Daewoo компаниясының Daewoo Damas атты микроавтобусынан жасалған. Ерекшелігі — жанармайды өте аз тұтынатын көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. Ал қараңғы уақытта күннен қуат алатын қондырғы өз жарығымен қуаттала береді. Ол үшін жанып тұрған шамдарды қуаттағышқа қаратып қою жеткілікті. Осыған дейін де аталған колледж ұжымы жанар-жағар майсыз электр қуатымен қозғалатын көлік құрап шығып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді.