Жамбыл облысындағы Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жауынның кесірінен, үйлерді сел басып қалды.
Ағысы қатты лай су 2 мыңнан аса тұрғыны бар елдімекеннің басты көшесімен аққандықтан, онда көліктердің жүруі қиындаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 шаруашылық ғимараты зақымданып, 3 үйдің ішін су басқан. 1 үйдің газ құбырлары қираған. Бұдан бөлек, ағысы қатты болған ағын судан малдар мен тауықтар қырылған. Қазір оның нақты есебі анықталуда. Ең бастысы зардап шеккен азаматтар жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
️