Шымкенттік азамат Tesla көлігінің отандық баламасын құрастырды

326
25.06.2022 07:04

Шымкент қаласында электр тоғымен жүретін мобильді көлік өндірілуде. Жобаны Шымкент қаласының тұрғыны жүзеге асырған.  Нақтырақ  айтқанда, tesla  көлігінің баламасы. Темір тұлпардың жүруіне жанармайдың қажеті жоқ. Ұялы телефонды қуаттағандай қуаттап алып діттеген жеріңізге жүре бересіз. Бұл тың жобаны Шымкент қаласының тұрғыны жасап шығарған. 

Электр тоғымен жүретін бұл көліктерді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Сейсембай құрастырып шығарған. Артық шығынды талап етпейтін темір тұлпарлар бүгінде сатылымда тұр. Кейіпкеріміз инженерлік сала бойынша шетелдерде білімін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарын жасаған. 

НҰРСҰЛТАН СЕЙСЕМБАЙ , ӨНЕРТАПҚЫШ: 

- Иедеясы 1 жарым екі жылда пайда болған. Өзім әр уақытта көліктер туралы технологиялар туралы оқыймын. Оны англияда жүргенде ойладық. Мобильді көліктерді ол жерде жасап жүрген. Сол кезде ойладық осы көлікті қазақстанда жасасақ қалай болар екен. Сөйтсек бұл көлік қазақстандықтарға тиімді екен. 

Айта кетейік, көліктер экологиялық мәселе туындатпайды. Мұнда темір тұлпарыңызды алып барсаңыз толық конвертациядан өткізеді.  Сондай-ақ бір мобильді көлікті қуаттау үшін сағатына 30 кв тоқ жұмсалады екен. Сондықтан бұл техникаларға сұраныс та жоғары. Өнертапқыш алдағы уақытта да жобасын жетілдіре түсетіндігін айтады.

Нұрсұлтан Сейсембайдың коллекциясында оннан астам көлік бар. Қазақстанның әрбір азаматы экологиялық таза, әрі қауіпсіз темір тұлпарға қол жеткізссе дейді Шымкенттік өнертапқыш.