Түркістан облысына, 5 жылдың ішінде 210 млн көшеттер отырғызылды. Осының арқасында өңірдің экологиялық ахуалы біршама жақсарған. Осы орайда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «жасыл белдеу» жоспарын құрған болатын. 13 629 гектар жерді баптауды тапсырды. Дегенмен аумақтың климаты нашар .Сондықтан егілген орман ағаштарының 25 пайызы жерсінбейді. Яғни қурап қалады. Ал мұндай жұмыс заңды құбылыс дейді мамандар.
ТАЛҒАТ ИБРАГИМОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:
- Сексеуіл бір егілгеннен егілмейді. Бұл қуаншылықта өсетін сексеуіл мен қоса көптеген изен, теріскен, жүзгін сексеуілдің түрлері өседі. Яғни, соның ішіндегі сексеуілдің бұл өте баяу өсетін түрі.
Жүйелі жұмысының нәтижесінде, ауа ластануы 65 пайызға төмендеген. Айта кетсек, 1 гектар орман жылына 18 млн текше метрді тазартады. Ал бұл тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді.
МҰҢАЙТПАС АЛШЕРИЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
- Көніліміз толды.Еңбек адамдарына көп рақмет. Бұлардың енді жалақыларын көтеру керек, осы ыстық күнде жұмыс жасап, кейбір су жетпейтін жерге суды шелекпен апарып құяды. Сондықтан соларға кішкене жағдай жасап, жалақыларын көбейту қажет. Жалақылары өте аз.
️