Түркістан облысында жаңа жағажай ашылады. Шаға аймағында салынған нысан қолданысқа 10 шілдеде беріледі. Айта кетсек, жасанды көл таудың суы. Тек жағажайға емес, канал ретінде көгалдардыруға қолданады. Бір мезгілде, екі мың адам қабылдаса, тұрғындар үшін 290 тұрақ салынған.
МАРАТ МУСИН, МЕРДІГЕР:
- Қазір бізде 2 млн су жиналды. Күніне 1 секундтына 1,5 куб келеді, 1куб шығып кетеді.Одан ары 10 түрлі гүлдер болады, газон егіледі. 6,5 гектар өзі газон егіліп, 3,5 ағаш егіледі.Оның барлығы биыл бітетін жұмыстар. Қазіргі алғашқы ашып жатқанымыз көл мен демалыс орындар, қалған ғимараттар күзде тапсырылады.
Жағажайдан бөлек ескек су каналы іске қосылмақ. Мұнда қала тұрғындары шомылып ғана қоймай, спортпен де айналысуына болады.
️