Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай шеберлік сағаты өтті

366
25.06.2022 05:46

23- Маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және коммуникация тақырыбында шеберлік сағаты өтті.  Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов баяндама жасап, әлемдік және елдегі белгілі тұлғалардың БАҚ өкілдерімен және жұртшылықпен сұқбат кезінде жіберген кемшіліктері бойынша әңгіме өрбітті. 

Сондай-ақ Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметті таңдаған кез-келген маманның міндеті- ашықтықтан қашпай,  өз саласы бойынша сұрақтарға сүрінбей жауап беру керек екенін айрықша атап өтті. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, сөз саптауына дейін тоқталып, түрлі оқиғаларға мысал келтірді. Сонымен қатар дәріске қатысушыларға кез-келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату  жүйесі түсіндірілді.