Жыл басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ атамекеніне оралып, қандас мәртебесіне ие болды. Тарихи отанымен қауышқандардың жартысынан астамы – көршілес Өзбекстаннан. Ал, қалғандары Қытай, Түркіменстан мен Моңғолиядан келген. Олардың 15 пайызы Түркістан облысында орналасты. Ал, 64 пайызы Оңтүстік өңірге, 17 пайыздан астамы Батыс Қазақстан аумағына қоныстанған. Қоныс аударғандардың 50 пайыздан астамы еңбекке жарамды болса, 20 пайызға жуығы зейнеткер. Жалпы, Тәуелсіздік алғалы елге 1 млн 77 мың этникалық қазақ көшіп келген.
️