Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол «Қазақстан-Қытай шекарасында қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған» деген күдікке ілінген.
Ол шекара қызметінің директоры қызметін 2015 жылдан бері атқарып келді. Қазіргі лауазымы «Нұр жолы» жол полициясы басқармасының Алматы облысы бойынша шекаралық бақылау басқармасының бастығы болатын. Дархан Ділмановтан бөлек, полиция майоры Н.Арысбаев және осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа да қызметкерлер қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етілген жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, 5 сәуірде Президент өкімімен Дархан Ділманов Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылған еді.
️