Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,79 теңгеге көтеріліп, 454,11 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 22 маусымдағы ресми бағамы - 447,93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 453,37 теңге, сату - 458,27 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,76 теңгеден сатып алынып, 455,2 теңгеден сатылып жатыр.
️