Кентау қаласының жаңа әкімі 100 күнде қандай істер атқарды?

296
22.06.2022 06:25

Рашид Аюпов Кентаудың тізгінін ұстағалы 3 ай. Қызметке келгеніне жүз күннен асқан басшы Кеңес үкіметінің көзіндей болған қаланы басқаша бағытта дамытпақ. Жаңа әкімнің айтуынша қалаға кіреберістегі су қоймасының оң жағы демалыс жағажайы, сол жағы қайыққа мініп серуендеп балық аулайтын орынға айналады екен.  

Рашид Абатұлы. Бұл Кентауға ғана емес Түркістан жұрты үшінде таныс есім. Жаңа облыстың орталығын дамытуға қосқан үлесі орасан екені белгілі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі ендігі күш-жігерін өзі туып-өскен Кентауды гүлдендіруге жұмсаймын дейді. Жуырда ғана тізгін ұстаған басшы Түркістанға табан тіреген турист Кентауды көрмей қайтпайтындай қылмақ. 

Кенді шаһардың әкімі қаланың бас жоспарын түзіп, онда ерекше стильдегі ғимараттар салуға ниетті екендігін айтады. Жаңа қаланың негізі нысаны Түркістаннан кіре беріс тұста орналасқан су қоймасын жұрт жиі келетін орынға айналдыру. Судың дәл ортасына жасанды арал құрылып, үлкен мешіт бой көтермек. 

Ал, орталық алаңда көпқабатты үйлер көптеп салынады. Сондай-ақ, экономикасы әлсіз қалада зауыттар ашылып жұмыссыздық жойылады. Егер Аюповтың айтқаны шындыққа айналса моно шаһар өзгеше өркендеп, менмұндаламақ.

Айта кету керек Рашид Аюпов Кентауды басқарған 3 ай ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалды. Соның бірі шаһар тазалығы. Бұған дейін арнамыздан бірнеше рет көрсетіліп, жауапты сала мамандарының жауапсыздығы туралы тұрғындар шағым айтқан болатын. Аюпов бұл мәселенің түйінін қойды. Сондай-ақ жол апаттарын болдырмау мақсатында Кентау көшелеріне жүзге тарта «сергек» камералары орнатылған. Бұл жұмыс жылдың аяғына дейін жалғасып, 200 камера жол жүріс ережелерін реттейтін болады.