Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайға қатысты пікірін білдірді

338
22.06.2022 06:08

Ұлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсынатын диалог алаңы болады. Ұзақмерзімді стратегиялық шешімдерді қабылдайтын институт қоғамдық талқылау арқылы ел тағдырына ықпал етпек. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің youtube арнасында айтты. 

Еске салсақ, 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтай өтті. Екінші жиын Түркістанда болады. Ерлан Қарин келелі жиын ел бірлігін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өткендігін де атап өтті.

ЕРЛАН КАРИН – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

- Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы болмақ. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды. Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірдегі қоғамдық кеңестерден бір өкіл мүше болып кірді. Осылайша аталған диалог алаңы барлық қоғамдық кеңестердің түйіні болып отыр.