Мемлекет басшысы Катарға жұмыс сапарымен барды

231
22.06.2022 06:04

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясына қатысты. Сұрақ-жауап форматында өткен ашық талқылау барысында ол халықаралық саясаттағы сын-қатерлер, оның ішінде Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен шешу жайына қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Ашық әңгіме барысында әлемдік энергетика нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайға, халықаралық сауда мәселесіне байланысты ғаламдық сын-қатерлер де талқыланды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықтағы пікір қайшылығы мен осы мәселені шешуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қауқарсыздық танытып отырғанына тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

- БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын.