Түркістанда “Дарын” мектебі салынып жатыр

533
22.06.2022 05:59

Түркістанда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат бой көтеріп жатыр. Нысан жаңа қала мөлтек ауданында орналасқан. Мектепті салуға 270 адам еңбек етуде. Білім ордасында облыстың әр ауыл-аймағынан жиналған білімге құштар оқушылар мен вундеркинд балалар тәлім алмақшы. 

Бұл білім ордасының құрылысы өткен жылы басталды. Осы істің басы-қасында жүріп бақылап жүргендердің бірі Джахаев Марат. Осы салада еңбек етіп жүргеніне 20 жылға жуық  уақыт болған. Түркістан өңірінің тумасы бұған дейін  Алматы қаласында емхана мен мектептерді салуға ат салысқан. Кейін Түркістан облыс орталығы статусын алғаннан соң, жұмыс орнын киелі мекенге ауыстырып, туған жерге қызмет етуді өзіне мақсат еткен.  

МАРАТ ДЖАХАЕВ – ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Бұған дейін Рамада, жеті қабаттық тұрғын үйді салдық. Әуежайды салдық. Осы мектеп ел игілігіне жұмсалса дұрыс. Бұл мектептен ұлы тұлға шықса, тіпті Президент шығуы мүмкін.  Соған ат салысып жатқанымызға қуаныштымыз.

Дарын мектебінде 500 ге жуық оқушы болашақта тәлім алмақшы. Ал жанында орналасқан жатақханасы 700 балаға шақталған.  Қазір облыс бойынша заманға сай жаңа мектептер бой көтеруде. 

ЖАНДОС ЕРАЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Облыс бойынша 50 ден аса мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сарыағаш, Мақтыарал .. аудандарында. Мектепті салуға ауқымына байланысты 1-2 жыл уақыт кетеді. 

Түркістан облысы құрылған 4 жыл ішінде әкімшілік іскерлік аймақта  білім нысандарынан бөлек бірнеше ғимараттар бой көтерді. Алдағы уақытта туристерге арналған «Медина палас» қонақ үйі мен «Хилует» мәдени рухани орталығын салу жоспарда бар.