Amanat партиясы референдумға атсалысқан азаматтарды марапаттады

868
22.06.2022 05:43

Жуырда елімізде референдум өткені белгілі. Саяси науқанға Түркістан облысының тұрғындары белсенді қатысып, алғашқы орындардан көрінген болатын. Осыған орай, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы жиын өткізіп, референдумға атсалысқан белсенді азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында бір топ штаб мүшелері мен ақпараттық-насихат жұмыстарына атсалысқан БАҚ өкілдері де бар. 

Оларға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың, сондай-ақ, партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың алғыс хаттары табысталды. Іс-шараға облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қатысып, марапат иелерін құттықтады. Айта кетсек, аймақтық партия филиалында бастау алған марапаттау рәсімі 17 аумақтық филиалда жалғасып, аудандық және қалалық штаб мүшелеріне табысталады. 

БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ:

- Біздің Түркістан облысы Референдум қорытындысы бойынша елімізде 1-орынға шықты. Жергілікті тұрғындардың да саяси белсенділігінің нәтижесі. Осыған орай президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың және партия төрасғасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттары арнайы өңірімізге келген. Арнайы партия атынан марапаттап отырмыз.