Ауылға ауызсу келді

164
04.06.2021 10:44

Түркістан облысындағы бірінші мамыр ауылдық округі ауыз сумен толық қамтылмақ. Құрамына жеті ауыл кіретін бұл аймақ осыған дейін судан тапшылық көріп келген болатын. Күнделікті тұтынуға қажет тіршілік нәрін тұрғындар құдықтан, қала берді бұлақтан тасып ішкен. Тіпті судың жетіспеуінен соңғы жылдары бау-бақша да еге алмай қалған. Енді әкімдік назар аударып, тиісті қаражат аударған соң,  мәселе оңынан шешіле бастады.