Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

267
21.06.2022 09:21

Келесі жылдан бастап Конституциялық сотқа тікелей шағымдана аласыз. Бұл туралы Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді.  Ол Парламент қабырғасында маусымда өткен референдум еліміз үшін тарихи оқиға болғанына тоқталды. Айтуынша, реформа барлық құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Төрағаның сөзінше, бүгінгі таңда «Конститциялық сот туралы» Конституциялық заң әзірленуде. 

ҚАЙРАТ МӘМИ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

- Жеке адамның құқығын қорғау әрі қарай күшейтілді. Осы реформа аясында Конституциялық кеңес орнына Конституциялық сот құрылатын болды. Келесі жылдан бастап жеке адамдар Конституциялық сотқа тікелей шағымдана алады. 

Парламент палатасында тағы бірнеше мәселелер талқыланды. Мәселен, Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың дерегі. Оның айтуынша, еліміздегі ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмаған. Сондай ақ, ұлттық жобалар қысқа мерзімде жүзеге асырылуы керек. Ал оның нәтижесі бизнес пен халыққа жылдам жетуі тиіс деген пікірде. 

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА, ҚР ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Былтырғы күзден бастап Үкімет 10 ұлттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оларға бюджеттік қаржыландыруда басымдық беріледі деген. Алайда ол жүзеге аспады. Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмады. Маңызды шешімдерді қаржыландыру толық көлемде жүзеге асырылуы керек. Сондықтан Ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге қарай реттеу керек. Үкімет бұл жұмысты жетілдіріп жатыр,