ҚР Қаржы министрі мемлекеттік борыштың өсу себебін атады. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша «Мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігі мен маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болған. Былтырғы қорытындылар бойынша мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4% болды және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр» деді ол. Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында осылай деген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятынын айтты.
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ-ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
- Дей тұрғанмен, мемлекеттік борышты басқаруды одан әрі жетілдіру үшін келесідей шаралар қабылданады. Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Көлеңкелі экономикамен күресті белсеңдету. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салықтық түсімдердің біртіндеп ұлғаюы күтіліп отыр.
️