Бәйдібек ауданында медицина қызметкерлері марапатталды

384
21.06.2022 08:33

Бәйдібек ауданының дәрігерлеріне құрмет көрсетілді. Ақ халатты абзал жандардың мерекесіне орай ұйымдастырылған шарадан ардагер медицина қызметкерлері де шет қалмады. Оларға аудан әкімінің арнайы марапаты мен «Аманат» партиясының алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, аудан халқына 1 – аурухана, 12 – дәрігерлік амбулатория, 8 – фельдшерлік-акушерлік тірек, 28 – медициналық тірек қызмет көрсетеді. Бір ауысымда 561 дәрігерлік қабылдау жоспарланса, биылдың 5 айында барлығы 150 мыңнан астам тұрғын дәрігерлердің қабылдауында болған.

Сонымен  құрамында хирург, лор, офтальмолог, акушер-гинеколог, эндокринолог, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, рентген-лаборант, зертханашы мамандары бар жылжымалы медициналық кешен аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерге шығып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде.