Бұдан былай ауыл әкімдерін жергілікті халық өзі сайлайды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұған дейін ауыл, елді-мекен әкімдігіне үміткерді аудан басшысы ұсынатын. Сөйтіп жергілікті мәслихат депутаттары дауыс беріп, сайлайтын. Енді бұл орынға ауыл тұрғындарының кем дегенде 1 пайызының қолдауына ие болған кез-келген азамат өзін-өзі ұсына алады. Жаңа заңға қатысты Түркістан облысының әкімдік қызметкерлері өз пікірін білдірді.
️