Түркістанның стратегиялық дамуы үшін жан-жақтан таңдаулы деген кадрлар шақыртылды. Тек шеттен емес, облыстың басқа аудандарынан да мамандар тартылды. Олар басқару ісіне ғана емес, жылы орнын ауыстырып, өз қызметтерін атқарып келгендері де бар. Солардың бірі ақ алтынның ошағы Мақтааралдан келген білікті сот төрешісі.
Дәл осы шақырумен сот залына кіріп, талай іске төреағалық етіп жүрген Тілегенов Арысбай 39 жыл сот саласында қызмет еткен. Мақтааралдық маман 2016 жылдан бері рухани астанада қалалық сотта жұмыс істеп келеді. Түркістанның облыс орталығына айналып, түрлену,даму кезеңдері көз алдымызда іске асырылды дейді. Бұл өзгерістерге таңқалысын жасыра алмады.
Арысбай Тілегенов, Түркістан қалалық сотының судьясы:
- Түркістанды облыс орталығы болмай жатқан кездермен салыстыруға мүлдем келмейді. Жер мен көктей. Себебі бұрын осы айналада 3-4 көліктер жүретін, қазіргі таңда кептеліс көп. Зәулім-зәулім салынып жатқан нысандарды Нұр-Сұлтан,Алматыда салынған ғимараттармен пара-пар көруге болады. Қалада басқаша дамуда. Қозғалыс та көбейген. Біздің жұмысымыз да артты.
Арысбай Ережепұлының ел игілігі үшін аянбай еңбек еткені елеусіз қалмады. Облыс әкімінің қолынан толағай табыстарға қол жеткізуге қосқан үлесі үшін марапатталған. Бұдан бөлек жоғары сот төрағасынан да ерекше құрметтік хаттар мен төсбелгі таққан. Кейіпкеріміз үшін мұның барлығы жұмыс бабындағы ынталандыру ғана. Бастысы сүйікті ісі мен отбасы.
Арысбай Тілегенов, Түркістан қалалық сотының судьясы:
- Мен үшін үлкен жетістік - ол таңертең 9-да жұмыста болып, кешке 18:00-де отбасыма барып халыққа қызмет көрсетуімнің өзі жетістік деп білемін. Аяқ-қолым сау аллаға шүкір! Өзім қатты жақсы көретін салада қызмет етіп жүрмін, бұдан артық қандай жетістік керек?
Арысбай Тілегенов 2 айдан кейін зейнет демалысына шықпақ. Алдағы уақытта саналы ғұмырын бала тәрбиесімен сабақтастырып, өңірдің одан ары дамуына өскелең ұрпақ арқылы титтей де болсын қолтаңбасын қалдырмақ ниетте!
️