Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналған ғылыми конференция өтті

819
17.06.2022 09:00

Елімізде қазақ мифологиясын тереңінен зерттеп, ғылыми қорытынды шығарған ғалымдар кемде кем. Солардың бірі де бірегейі маңғыстаулық Серікбол Қондыбай. Ол қазақ мифологиясына жол ашқан, әлемдік мифологияға тың пікірін қосқан бірден бір жан. Бүгін маңғыстау күндері аясында Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі атты халықаралық конференция өтті.  

Серікбол Қондыбайды зиялы қауым «қазақтың екінші Шоқаны» дейді. Өйткені оның ғұмыры тым қысқа болды. Бар жоғы 36 жыл ғұмыр кешкен ол өмірінің соңғы жылдарын арбада өткізді. Аяғымнан айырылдым деп сарыуайымға берілген жоқ. Сол жылдары Серікбол ғылымға түбегейлі бет бұрып, көп еңбек етті. Қазақ мифологиясына арнап 16 том кітап жазды. Қазір оның еңбектері орыс және ағылшын тілдеріне аударылып жатыр.

Булент Байрам, Түркология ғылыми зерттеу институтының директоры:

- Серікбол Қондыбай жас уақытта қайтыс болған ғалымдардың бірі. Ол қазақ мифилогиясын зерттеген. Бір системаға отырғызып, қазақ жастарына жаңа буындарға өз мәдениетімен таныстыруды мақсат еткен ғалым. Бірақ жас кезінде қайтыс боғлан. Көп еңбектері бар. 4 томдық жазған арғы қазақ мифолгиясы соның негізгі еңбегі. Тағы Маңғыстау облысы туралы, қазақ ертегілері туралы жалпы түрік мифологиясы туралы көп еңбек жазған ғалым. 

Серікболдың жерлестері Түркістандағы Маңғыстау күндері аясында елеулі еңбегін елеусіз қалдырмады. Ғылыми-теориялық конференция өткізіп, Қондыбай шығармашылығына ден қойылды. Салтанатты жиында философтың әдеби туындылар жинағы мен монографиялық еңбектері насихатталды. 

Пания Сармузина, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Серікбол Қондыбай шығармашылығына арналан конференция. Бұл конференциялар Астана қаласында, алматы, қызылорда қаласында сонымен бірге Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өткен болатын. серікболдың шығармашылығына қызығушылық қазіргі таңда халықаралық деңгейге көтерілді. Бүгінгі өткізіліп отырған конференцияға 60-тан астам ғалымдардың жұмысы түскен болатын. ал оның ішінде 22 ғалым бұл шет елдік ғалымдар.

Бұдан өзге, рухани астана тұрғындарына ғалым туралы әзірленген деректі фильм көрсетілді. Ірі тұлғаның көп еңбектері Маңғыстау өңірінің жер қойнауындағы тылсым сырды ұғынуға арналды. Ол айбөкен, жезтырнақ, албасты сынды ертегілік образдарды әдемі жеткізе білді.