Шардарада заңсыз жұмыс істеп жатқан 14 кәсіпкер анықталды

530
17.06.2022 08:37

Шардара ауданында 14 кәсіпкердің заңсыз жұмыс істегені анықталды. Бұл статистиканы өңір прокуратурасы жанынан құрылған мобильді топ жариялады. Сондай-ақ, ауданда 658 кәсіпкердің құқығы қорғалған.   Биылдың өзінде  бизнес өкілдерінен 2 өтініш түскен. Бірінде кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал екінші іс бойынша  тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Дәуренхан Маханов, Шардара ауданы прокуратурасының прокуроры:

- Дүкендерді, жеке кәсіпкерді тексеру жүргізіп, ұсыну берілген. Ұсынуда темір есік, темір тор терезелер және бейнекамералар орнату туралы ұсыну берілген. Ұсынуды орындамаған жағдайда 1 ай мерзімде 479 бабы бойынша әкімшілк жауапкершілікке тартылаты туралы ескертілген. Аталған жағдайға прокуратура  органдары мен жүргізілген талдау нәтижесімен  тексерулері әкімщшілік жауапкершілікке тарту заңсыз екені анықталды. 

Бұдан өзге, жиын барысында кәсіпкерлердің бірнеше мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ауылшаруашылығындағы тыңайтқыштарды жетілдіру, жерді заңсыз пайдалану, коммуналдық төлемнің қымбаттығы сынды мәселелер көтерілді. Қазіргі таңда бизнесмендердің көтерген түйіткілдеріне бағытталған шара жоспары әзірленіп, орындалуы бойынша бақылау жұмыстары жүргізілмек. 

Алмас Тұрсынбеков, жеке кәсіпкер:

- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде прокуратура бөлімі тсүіндіру шараларын өткізді. Және кәсіпкеролерге қатысты сұрақ қойдық. Кәсіпкерлерге қойылатын тарифтер, су тарифы, жарық т.б тарифтер бойынша сұрақтар қойдық. Енді алдағы уақытта сол сұрақтарымыздың нақты шешімі шығарып береді деген үміттеміз.