Қызылорда облысы әкімінің кубогы үшін журналистер арасында футболдан республикалық турнир өтеді.
Жарыс маусым айының 18-19 аралығын қамтып, БАҚ өкілдері Қызылорда облысы әкімінің кубогына таласпақ. Республиканың 10 үздік БАҚ командасы Сыр елінде бақ сынасады. Ойын қаладағы "Еуразия" спорт кешенінде өткелі жатыр. Республикалық тартысты бәсекеге ең жас «Turkistan» телеарна ұжымынан құралған арнайы команда өкілдері де қатысады.
Сыр өңірінде бақ сынайтын командалар:
1.«Хабар-Құрман» Нұр-Сұлтан қаласы
2. «Экспресс-К» Нұр-Сұлтан қаласы
3.«Қарекет» Талдықорған
4.«Taraz-press» Жамбыл облысы
5.«Шымкент» Шымкент қаласы
6. Түркістан қаласы
7. Алматы
8.«Ақмешіт» Қызылорда
9. Қаламгер Қызылорда
Айта кетейік, бүған дейін Алматыда белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған жарыс ұйымдастырылған болатын. Аталмыш бәсекелі жарыста, ашылғанына небәрі жыл толған «Turkistan» телеарна командасы жасақталып, тартысты ойын көрсетті. Ал «Turkistan Media Holding» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Жанахмет Ағыбаев Қызылордадағы БАҚ өкілдері арасындағы келесі республикалық турнирге қатысуды қолдап отыр.
Әріптестерге сәттілік тілейміз!
️