Биыл сәуір айынан бері елімізде «Қаруды өтемді қабылдау» акциясы өтіп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат- заңсыз қару-жарақ арқылы жасалатын қылмыстың алдын алу. Науқан аясында бүгінге дейін азаматтар 149 қару тапсырды. Енді олар сараптамаға жіберіліп, тиісті шешіммен бағасы белгіленеді. Айта кетейік, аталған акция үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінген. Қаражат толық игерілмейінше, акция жалғаса береді. Өз еркімен құқық қорғау органдарына заңсыз қаруды тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы қарастырылған.
️