Түркістан қаласында үш жүз алпыс әулиеге мекен болған қасиетті Маңғыстау күндері өтеді. Шара екі күнге созылмақ. Маңғастаулық ағайындары концерттік бағдарламадан бөлек, жәрмеңке, спорттық шаралар өткізбек. Ауқымды шараның дайындық жұмыстарымен тілшіміз танысып келді.
200 ден астам өнерпаз қасиетті маңғыстау өңірінен осынша талантты жас келіп Түркістан шаһарының тұрғындарын қуантпақ. Олар бүгіннен келіп дайындық жұмыстарын бастап кетті. Солардың бірі «Жорға» би ансамбльі. Оның жетекшісі Ерлан Матыбаев ұлттық би жас ұрпақты отаншылдыққа, елдікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратынын айтады.
Ерлан Матыбаев, «Жорға» би ансамбльінің жетекшісі:
- Маңғыстау облысының Түркістан облысында бұйырса ертең 16 маусымда бізде гала-концерт болады. Сол шараға бүгіннен бастап дайындалып жатырмыз.
Концертте Маңғыстау қаласынан келген өнерпаздар мен эстрада жұлдары өнер көрсетеді. Шараның алдағы жоспарларымен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұртас Сали бөлісті.
Нұртас Сали, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Бұл бағдарлама аясында көптеген шаралар, жоспарлар жоспарланып отыр. Ғылыми практикалақ конференциялар, мәдени шаралар, концерттік бағдарламалар, көрме жәрмеңкелеріміз мен спорттық шаралар жоспарланып отыр. Ерекше тұсы, жабылу салтанатында, гала концертте Тамара Асар өнер көрсететін болады сондай-ақ Маңғыстау эстрада өнерпаздары өнер көрсететін болады.
Жалпы Маңғыстау өңірі шұбатымен, балқаймағымен әйгілі екені белгілі. Арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, Түркістандықтар бұл тағамдардан дәм татып, сатып алуға мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, облыстың мәдениет күндері аясын¬да сонымен бірге, көкпардан, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен, тоғызқұмалақтан сайыстар өтеді.
️