Шәмші Қалдаяқовқа "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілді

519
16.06.2022 06:48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін сондай-ақ айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын - делінген құжатта. 

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов - Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы. Ол 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Аты аңызға айналған  сазгер 1992 жылы 62-жасқа қараған шағында өмірден озды. Оның артында 300-ден астам ән қалды.