Елде жаңа көліктер көбейді. Нақтыласақ өсім 12 пайызды көрсеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға артық. Жалпы еліміздегі темір тұлпарлардың 14 пайызын құрайды. Жыл басынан бері 516 мыңнан аса су жаңа көлік мемлекет шекарасынан өткен. Ал пайдаланғанына 10 жылдан асып кеткен көліктер саны 2,4 миллион.Бұл дегеніміз жалпы автопарктің 60 пайызынан көбі. Ал республика бойынша көп көліктердің жолда жүргеніне 20 жылдан аса уақыт өткен.
️