Былтыр елімізде салынған мектептердің төрттен бірі біздің облыста бой көтерді. Дегенмен, мектеп салу – бюджетке үлкен салмақ. Сондықтан бір-біріне жақын елді мекендерде білім ұясын салудан гөрі оқушыларды автобуспен тасымалдау тиімді. Айта кетейік алдағы 3 жылда облыста тағы 89 мектеп салынады. Ол білім ұяларында 72 мыңға жуық оқушы дәріс алады деп күтілуде. Түркістан облысының әкімі мектепті мемлекетік бюджеттен емес инвесторлар есебінен жүргізу керектігін айтты. Жеке меншік мектептердің санын арттыру арқылы, тапшылық мәселесін шешуге болады.
Дінислам Болатханұлы, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:
- Облыста 2023 жылы – екі, 2024 жылы – 31, 2025 жылы – 56 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ең көп мектеп қажеттілігі бар аудан, қалаларға тоқталсақ, Түркістан қаласында 8 мектеп бой көтереді. Сонымен бірге Келес ауданында – 8, Сауран ауданында – 9, Сайрам ауданында 12 мектеп салынбақ.
️