Түркістан қаласында қылмыс саны азаймайтұр. Әсіресе ішімдікке тойып алып заңды өрескел бұзатындардың қатары өсіп келеді. Бұл туралы Түркістан қалалық прокурорының жанындағы ведомствааралық жиналысында айтылды. Сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіретін, және алаяқтық фактілері артып келеді дейді құзырлы органдар. Прокурорлық тексерулер кезінде полиция мен уәкілетті органдардың құқық бұзушылықты алдын алу жолында біршама кемшіліктер бары айтылды. Қала прокуроры Жаннұр Ахметбек шахардағы дүкендер 12 ден кейін алкогольді ішімдіктерді сатпау туралы тапсырма берді.
Жаннұр Ахметбеꬬ¬, Түркістан қаласының прокуроры:
- Лицензиясыз сатып жатқан дүкендер, дәмханалар бар. Сағат 11 ден 12 ден кейінде жұмыс алкогольді өнімдерді сата береді. Менің өзімнің көзім жетті.
️