Шымкентте жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндірген астыртын цех анықталды. Қаржы Мониторингі Агенттігінің аумақтық департаменті тінту кезінде мың литр алкоголь, ішімдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелерді тәркіледі. Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жарым миллион теңге айыппұл салынды.
️