Төлеби ауданында көшпенділер ойынынан сайыс өтті. Өңірдің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырлыған додаға Түркістан облысының 15 ауданынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Өлкенің кіл мықтылары ұлттық ойынның 7 түрінен бағы мен бабын сынады.
Төлеби ауданының тау бөктеріндегі көшпенділер ойыны осымен екінші рет өтуде. Өңірдің әр аумағынан келген білекті палуандар мен аттың құлағында ойнағандар, құралайды көзге атқан мергендер өрнекті ойын көрсетті. Өңірдің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған сайысқа 15 ауданның командасы қатысты.
Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
- Көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Керемет ұйымдастырылған. Мынау әкімшілікке, мәслихатқа алғысымыз шексіз. Жақсы бір спорттың, қазақ дәстүрінің мирамын жасапсыңдар мың да бір алғыс сол үшін.
Жыланбұзған елдімекенінде өткен сайыста қатысушылар ұлттық спорт ойындарының 7 түрінен бағы мен бабын сынады. Атап айтсақ, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тартыс. Ал қара күш иелері өгіз көтеріп .
Сүндет Кенжебаев, Мақтаарал аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Біздегі негізгі мақсат, спортшылардың басын қосып, достықтың нышанын келтіру. Оңтүстікті білесіздер, донор қызметін атқарады. Ол жастар саясатында болсын, спортта болсын, соның бір діңгегі, соның нәтижесі, дәлелі ретінде бүгінгі іс-шара деп білемін.
Жеңімпаздар командалық есеппен анықталып, бірінші орынды – Төлеби ауданы, жүлде қоры – 300 мың теңге, екінші орынды – Сарыағаш ауданы – 200 мың теңге, ал үшінші орынды – Жетісай ауданы – 150 мың теңге иеленді. Сонымен қатар спорттың жекелеген түрлері бойынша да жеңімпаз атанған мықтылар марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық командаға 50 мың теңге ақшалай ынталандыру сыйлығы табысталды.
️