Сейтметов театрының ұжымы Еуропада өтетін фестивальге дайындалуда

317
14.06.2022 10:46

Райымбек Сейтіметов атындағы Түркістан қалалық театры Еуропада өтетін фестивальге қатыспақ. Румыния мемлекетіндегі Тырговиште қаласында өтетін байқауда отандастарымыз  Ханшаның көз жасы драмасын сахналамақ. Маусымның  10-19 күндері өтетін «Babel» халықаралық өнер фестивальіне   әлемнің 14 елінің өнер майталмандары бағын сынайды. Театр ұжымы еуропаға ертең таңғы алтыда жолға шықпақ.

Қуандық Қасымов, режиссер:

- Бұл жерде тек театр ғана емес, сонымен қатар кино ісі, музыкасы балалалрдың өнері араласқан кең шара болайын деп тұр. Бұл кеше 10 шы маусым күні басталды.  Фестиваль 19 маусым күні аяқталады. Біздің қойылым 17 ші маусым күні шықпақ