Отырар ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс, егін, мал шаруашылығы қатар дамыған өңір. Оны насихаттау мақсатында аудандағы «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы әр жылы халық шеберлерінің туындыларының жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл шежірелі аймаққа турист тартудың тағы бір жолы.
Топырағын түртсең тарихы сөйлейтін Отырар ауданында Республикалық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі өтті. Биылғы шараны «Мәңгілік Ел» идеясын ұстанған Қазақ елінің ұлттық қолөнерін, мәдениетін дәріптейтін кештің маңызы зор. Жәрмеңкеге республикамыздың барлық аймақтарынан шеберлер шақырылып, олардың төл туындылары Отырар жерінде көпшілік назарына ұсынылды.
Жамбыл облысынан келген қолөнер шебері Салима Усибалиева 30 жылдан бері өрмек технологиясымен айналысып келеді. Қазірде Заман талабына сай түрлі қолдорбаларды әзірлейді. Ата- бабадан қалған асыл мұраны өзгеге үйрету мен үшін мәртебе дейді. Сондай-ақ кішігірім кәсіпті дөңгелетіп отырған шәкірттері биік белестерге жетіп жүргенін айтады.
Салима Усибалиева, колөнер шебері:
- Өрмек технологиясы басқа өнерлер сияқты оңай нәрсе емес. Біз алдымен картасын сызамыз. Осындай қиын технологияны ата- бабаларымыз бізге қалай жеткізгеніне таң қалам.
Қазылар алқаларының шешімімен Жәрмеңкеге қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды. Ынталандыру сыйлықтары мен үшінші, екінші және бірінші дәрежелі дипломдар берілді.
️