Шардаралық тұрғындардың мәселесі талқыланды

238
14.06.2022 10:21

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданыны тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін қозғады. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген өңір басшысы ауданның әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Кездесуден кейін Өмірзақ Шөкеев шарадарлықтарды  жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданда жайылымды карьерге айналдырмау жөнінде өтініш айтылды. Кәсіпкердің де уәжі тыңдалды. Мәселе бақылауға алынды.

Шардаралық ағайынмен кездескен Облыс әкімі шағын және орта бизнес мемлекеттің тірегі екенін айтты. Былтыр ауданда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі  45,8 млрд. теңге болды. Ал, биыл «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 700 гектар жерде 123 жоба іске асты. Шаруалар  бірінші өнімін жинап алуда.

 Ал,  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 6 жоба іске асты.  Шардара елді мекенінде табиғи газ жүйесінің құрылысы жүріп, Қоссейіт елді мекенінде мектеп пен дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ  бір мектеп пайдалануға берілді. Бұқарамен кездесуде жұрт тұрғын үй, газдандыру, аурухананы күрделі жөндеуден өткізу, балық шаруашылығына субсидиялау және өзге де өзекті мәселелерін айтып,  көпшіліктің  арыздары мен өтініштер тыңдалды.

Айта кетейік, ауданда былтыр 20 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты елді мекендерінің жаңа құрылыс аумағы электрмен жабдықталды. Одан бөлек  Шардараға  29,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.