Емдік шөпті заңсыз жинаған 51 шетел азаматы ұсталды

710
14.06.2022 06:28

Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар азаймай тұр. Бұл жолы Отырар ауданында дәрілік шөпті заңсыз қазып алмақ болған 51 шетелдік анықталды. Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікістан Республикасының азаматтары екендігі белгілі болды. Полицейлердің мәліметінше, заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматтар ел аумағынан шығарылған. Айта кетейік, Түркістан өңірінде дәрілік қасиеті мол өсімдік ретінде танылған кеуректің тамырын қазып, қайта өспейтіндей хәлге түсірген азаматтар бұған дейін де ұсталған болатын.