Түркістандық өнертапқышқа ерекше жобасы үшін патент берілді. Зейнеткер ғалым өзінің 1970 жылы жасаған өнертабысы үшін 82 жасында енді ғана авторлық құқығын алды. Жаңа құрылғы қой шаруашылығы мен фермерлік кәсіпте таптырмас шешім. Себебі әрдайым далада өтетін шопанның жұмысына көмек ретінде дәрі қобдишасы, ысқырық, фонар және компас секілді аса керекті жарақтармен жабдықталған. Тіпті өнертапқыш Сұлтанбек Тәшенұлы асатаяққа малдарды ұстап алуға қажет арнайы ілмек ойластырған.
Сұлтанбек Тәшенұлы, "Шопанның асатаяғы" жобасының авторы:
- Бұл идея 1970 жылы 3мартта Білім және еңбек журналында жарияланды.Оған себеп болған ол уақытта қой шаруашылығын 50 млнға жеткізу үлкен ұран болған. Соны орындауға жастар үлес қосты.
Жоба авторына бүгін қала әкімдігінің қолдауымен алғыс хат ұсынылып, медаль тағылды. Алдағы уақытта асатаяқты ауыл шопандарына қолжетімді ету жоспарда бар. Ол таза ағаштан жасалады және қойдың қай жерде жүргенін анықтау үшін навигатормен бірлесіп сигнал қабылдайды. Бұл жаңашылдықты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары енгізген. Олар аталған жоба тек Қазақстанда ғана емес, өзге елде де сұранысқа ие болатынына сенімді.
️