Жетісай ауданына қарасты 17 ауылға газ тартылып, 13 көше жендеуден өтеді. Құрылыс жұмыстарына жалпы сметалық құны 1 жарым млрд. теңгенің шамасында. Ал, жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржы бөлінеді. Бұл туралы аудан әкімі халықпен кездесуінде айтты.
Сондай-ақ жиында Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев тұрғындарға егістік және жайылымдық жерлерді, тұрғын үй жер учаскелерін пайдалану тәртібі мен заңдылықтары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.
️