Отырар ауданында 292 жас жұмыспен қамтылды

385
11.06.2022 09:12

Отырар ауданында жыл басынан бері 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылды. 

Олардың дені мемлекеттік мекемелерге тұрақты жұмысқа орналасқан. Атап айтқанда маман тапшылығы байқалатын денсаулық, орман шаруашылығы сынды салаларда қызмет етуде. Түркістан облысы Отырар ауданында аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиында аудандағы жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу, суицид, жастарды жұмыспен қамту шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралып, пысықталды. Әсіресе аудан жастарын әскерге жіберу өзекті мәселенің қатарында. 

Айдос Құлмаханұлы, Отырар ауданы әкімінің орынбасары:

- Жастар осы еліміздің болашағы үшін әскерге шақырушылармен жұмысты жандандыруды сұраймыз. Жанұя бағдарламасы бойынша сіздердің атқарылып жатқан жұмыстарыңыз бойынша хабарландыру жұмыстары жүргізілсін 

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде 2257 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазірде 869 тұрақты жұмыс орындарына жолданған. Соның ішінде 292-сі жастар. 129-ы маман тапшылығы байқалатын білім, денсаулық сақтау, орман шаруашылығы, спорт, әлеуметтік және кәсіпкерлік ұйымдарында қызмет етуде. Сондай-ақ ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында кіші футбол лигасы бірнеше жылдан бері тұрақты ұйымдастырылуда.  

Жиында Серпін бағдарламасымен өзге өңірлерге барған жастармен кері байланыс орнату жайы да қозғалды. Аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.