Самұрық қазына траст қоры әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында соңғы бес жылда Түркістан облысына 853 милион теңге бөлген. Бұл қаражатпен оңтүстік өңіріне спорт кешені салынған. Сондай-ақ қамқорлық орталығы пайдалануға берілген. Ал екі қоғамдық бірлестік әлеуметтік жобаларын қорғап, әрекет жобасы арқылы грант алған. Айта кетейік республика бойынша қор әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 7 млрд теңге бөлген болса. Осы жылдан бастап 10 млрд теңге бөлмек.
Альфия Адиева, «SAMURUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының бас директоры:
- 2016 жылдан бастап біз үлкен әлеуметтік жобаларды қолдауға көмек бере бастадық. Бұрын бізге мүмкіндігі шектеулі азаматтар қаражат сұрап келген болса. Біз сол азаматтар тұратын аймақты зерделеп оңалту орталықтарын аша бастадық. 2016 жылы қазақстан бойынша 16 оңалту орталығын аштық. Түркістан өңіріндеде биыл өз есігін ашты.
️