Түркістанда тас жолда тәртіп бұзған жүргізушілер жаппай жазаланып жатыр. Тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастырып, жүгенсіз кеткен тізгіншілерге айыппұл салды. Өйткені, соңғы кездері жол ережесін бұзушылардың саны артқан. Күніне 800-ге жуық жүргізуші тас жолда тайраңдап, ойына келгенін істейтін көрінеді. Біздің арнаның жедел түсірілім тобы да жергілікті полицейлермен рейдке шығып, сақшылардың назарына түскендерді түсіріп қайтты.
Қырағы сақшылардың назарына мемлекеттік нөмері жоқ көлік бірден түсті. Инспекторлардың тоқтатқанына таң қалған жүргізуші, себебін сұрап әлек болды. Сақшылар жүргізушіге мемлекеттік нөмерінің жоқтығын еске салды. Сонда ғана ол нөмердің көлігің ішінде тұрғанын, темір тұлпарының бояудан шыққанын айтып ақталды. Мұнымен қоса жүргізушінің сенімхаты жоқ екені анықталды. Ұмытшақтыққа салынған азаматтың көлігін жол патрульдік полиция қызметкерлері айып тұрағына алып кетті.
2 сағатқа созылғаан рейдтік іс шара барысында, жүгенсіз біраз жүргізушіні тезге салды. Ал неміс көлігінің жүргізушісі Шымкентте келе жатқан. Теміртұлпар мүлдем тіркеуде жоқ екен. Еске сала кетейік Жедел Түсірілім қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әр апта сайын рейдтік шараға ат салысатын болады. Мақсат заң бұзушылықтың алдын-алу бойынша ақпараттық қолдау білдіру.
️