Түркістандық "Turan" командасы әлемдік додадан жеңіспен оралды

1000
10.06.2022 08:48

Тұран футбол командасы Хорватияда өткен халықаралық жарыста алдыңғылардың қатарынан көрінді. Байрақты бәсекеге 20 команда қатысқан. Отандастарымыз алғашқы 5 тікті түйіндеді.  Ал бапкерлер команданың Еуропада өткен алғашқы ойыны болғандықтан, мұның өзі біз үшін жеңіс дейді. 

Ата-аналар аяқдопшыларды Түркістан әуежайынан қуанышпен қарсы алды. Әлемдік мықты командалардың арасында  өнер көрсетіп жатқан балаларымызды мақтан тұтамыз дейді олар. Сондай-ақ болашақтарынан да зор үміт күтетіндіктерінде жасырмады. 

Жұлдызай Әлиасқарова, ата-ана:

- Балмызды мақтан тұтамыз. Осындай жеңімпаздар көбейе берсін. Қазақ елі жасасын.

Жас футболистер Еуропада өнер көрсеткендеріне дән риза. Жүлделі орынды ала алмасақта біз үшін үлкен тәжірибе болды дейді. Ендігі мақсат үздіксіз жаттығып қарсыластарға жіберген еселерін қайтару.   

Дәулет Орынбасар, "Тұран" командасының капитаны: 

- Жарыс өте жақсы өтті. Өте мықты командалар жиналды. Бұл біз үшін үлкен дәреже болды алдағы уақытта ұтамыз деген үміттеміз.

Ал Тұран командасының бапкері болса спортшылардың жарысқа тынбай дайындалғандығын айтады.  Сондай-ақ шәкірттеріне артқан үмітіде зор. Айта кетейік аяқдопшылардың жасы небәрі 12-13-те. Олардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Тұран футбол командасы балаларды тегін қабылдайды. Тек топқа мүше болғысы келген адамның денсаулығында кінәрат болмауы қажет.