Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында екі бірдей замануи үлгідегі жабық кіші футбол алаңшасы ашылды. Ғимарат жеке кәсіпкер есебінен тұрғызылған. Онда кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер де, денсаулығын жақсартып, дене шынықтыруды мақсат еткендер осы спорт кешеннен табылатынана сенімдімін – дейді кешен басшысы.
Сондай-ақ ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа жалпы 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтті. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар тапсырылды.
Бақберген Тұяқбаев, жеке кәсіпкер:
- Бұл жерде командалық ойын өткізуге тиімді. Негізгі мақсат ауыл мен аудан жастарын спортқа баулу.
️